Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелері туралы баспасөз-хабарламасы

2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, мемлекеттік аудит объектілерінде: Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковскгоркоммунэнерго» өндірістік – шаруашылық бірлестігі» МКК, Қарабалық ауданы әкімдігінің «Жылу» МКК, «Көмек-Алтын» МКК, Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Қостанайюжэлектросервис» КМК.

Мемлекеттік аудитпен 27 629 055,8 мың теңге көлемінде қаражат қамтылды. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзудың жалпы сомасы 471 646,6 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар, барлығы - 23 251,4 мың теңге, оның ішінде өтеуге-587,9 мың теңге, қалпына келтіруге - 22 663,5 мың теңге;

2) тиімсіз жоспарлау сомасы - 25 006,3 мың теңге;

2) мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы 282 455,4 мың теңгені құрады;

3) ықтимал шығындар мен жоғалған пайда – 140 933,5 мың теңге;

4) 50 бірлік мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар және 5 жүйелік кемшіліктер.

Аудит барысында 18 319,1 мың теңге қалпына келтірілді, 292,4 мың теңге өтелді.

Желілердің тозуы көптеген апаттардың, сондай-ақ жылу мен судың шамадан тыс жоғалуының себебі болып табылады.

Қаржылық бұзушылықтардың себептері білікті кадрлардың болмауы, олардың төмен жалақыға байланысты ауысуы болды.

Мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану фактілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеуге байланысты фактілер анықталды.

Халықтың әлеуметтік тұрақтылығын сақтау мақсатында тарифтердің өсуін жасанды тежеу кәсіпорындарға табиғи монополиялар және мемлекеттік мүлік туралы заңдарға қайшы келетін реттелетін қызметтерден пайда табуға мүмкіндік бермейді.

Тарифтік сметаның шығындарын орындамау және амортизациялық аударымдарды мақсатсыз пайдалану себебінен өтемдік тарифті белгілеу табиғи монополиялар субъектілерінің қаржылық жағдайын одан қиындатады.

Тұрғындардың сауалнамасының қорытындысы бойынша олардың көбіне көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанғандығы анықталды, бірақ бұл ретте жекелеген респонденттер жоғары тарифтерді, электрмен және сумен жабдықтаумен үзілістердің болуын, суда бөгде қоспалардың, иіс пен түстің болуын көрсетті.

Сонымен қатар, аудит заңнамадағы кемшіліктерді анықтады, олар бойынша тиісті ұсыныстар беріледі.

Аудит қорытындысы бойынша, аудит объектілеріне, құрылтайшылар мен уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                 Н. Томилина

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелері туралы баспасөз-хабарламасы
Дата публикации
26 апреля 2024