Әкімшілік-құқықтық бөлімінің заң және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, 87776368077, электрондық мекенжайы: guldana_r_74@mail.ru (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің құқықтық және  ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маманы, Д-4 санаты, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 226837,00 теңгеден 260564,00 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Мекеме қызметінің заң түрлері бойынша мәселелерді қарау және оның құқықтық мүдделерін қорғау;

Бұйрықтар, шарттар қосымша келісімдер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін әзірлеу, өзгерістер енгізу, бекіту;

Тексеру комиссиясының регламентін, тексеру комиссиясында құжаттама және құжаттаманы басқару ережесін әзірлеу, оларға өзгерістерді енгізу, бекіту, «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің құрмет тақтайшасын» рәсімдеу тәртібін, қызметтік куәліктерді беру тәртібін және бөлім құзырына кіретін өзге құжаттарды енгізу және бекіту;

Әділет органдарында тексеру комиссиясының қаулыларын, әдістемеліктерін, ережелерін, қағидаларын және өзге нормативтік-құқықтық актілердің тіркелуін қамтамасыз ету;

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әдіснамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

Құқықтық мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету;

Талап-наразылық жұмысты жүргізу;

Аудиторлық есептерге, бұзушылықтардың тізілімдеріне (жиынтық тізілімдеріне), қорытындылар мен қаулылардың (нұсқамалардың) жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

Өз құзыреті шегінде соттарда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру;

Құзыретіне сәйкес ВАЖ-ге деректерді уақтылы енгізу;

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша, іс-шаралар Жоспарын орындаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру, осы мәселе бойынша есеп жасау;

Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдау жасау, осы бағыт бойынша есеп жасау;

Мекемеде азаматтық қорғаныс жөнінде жұмыстар жүргізу және іс-шаралар ұйымдастыру;

Бірыңғай тексеру жүйесінің (БТЖ) жұмысында қызметкерлердің тізімдерін ұйымдастыру және өзектендіру;

Бірыңғай құжат айналымының электрондық жүйесінде (ЭҚАБЖ) электрондық-цифрлық қолтаңбаларды уақтылы жаңарту;

Тексеру комиссиясының интернет – ресурсында ақпаратты уақтылы дайындау және орналастыру, тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

Тексеру комиссиясында мемлекеттік тілдің қолданылуы, дамуы және енгізілуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Заңнамаға сәйкес іс жүргізуді ұйымдастыру;

Семинарларды, дөңгелек үстелдерді, кенестерді, салтанатты іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру;

Тексеру комиссиясы төрағасының салтанатты іс-шараларға сөздерін, түрлі іс-шараларға құттықтау мәтіндерін дайындау;

Тексеру комиссиясы мәжілістерінің хаттамаларын жүргізу, тексеру комиссиясы төрағасының хаттамалық және өзге де тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау, осы мәселе бойынша тоқсан сайынғы есепті жасау;

ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Үйлестіру Кеңесінің, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімдерінің, аппараттық кеңестердің және тексеру комиссиясы төрағасының өзге де тапсырмаларының орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу, осы мәселе бойынша тоқсан сайынғы есепті жасау;

Тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын уақтылы жасау және орындау;

Тексеру комиссиясының медиа - жоспарын әзірлеу және жасау, тексеру комиссиясының іс - шараларын жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

Ұйымдастыру жұмысы бойынша мәліметтер мен есептерді жасау;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есепке алуды және есептілікті ұсынуды жүзеге асыру, жеке тұлғаларға (өкілдерге) немесе заңды тұлғалардың өкілдеріне талондар беруді жүзеге асыру;

Тексеру комиссиясының «сенім телефоны» бойынша өтініштер бойынша есепке алуды жүзеге асыру және есептілікті ұсыну;

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;

Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;

Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясы қызметкерлерінің Техникалық оқуын өткізу және ұйымдастыру;

Басшылықтың тапсырмаларын орындау.                       

Білімі бойынша талаптар:  Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: құқық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талапқа сәйкес болуы тиіс:

     1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*;

     2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.     

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Төрағасы 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бекіткен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) негізінде өткізіледі.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

      1) Өтініш;

       2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

      3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

         Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

         Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

         Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Өтініш;

       2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Үміткерлермен әңгімелесу Тексеру комиссиясының ғимаратында, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112 мекен-жайында өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.

* "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына сәйкес жұмыс өтілі ретінде:

       1) мемлекеттік лауазымдардағы - мемлекеттік саяси лауазымдардағы жұмыс өтілі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдардағы жұмыс өтілі, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі, әскери қызмет өтілі;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған өзге де лауазымдардағы – соттар лауазымындағы жұмыс өтілі, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының жұмыс өтілі танылады.

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің заң және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
18 июля 2024