Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды

Қостанай облысы әкімдігінің облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері ескерілді.

Қорытындыны дайындау кезінде статистикалық және ведомстволық деректер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) және бюджет процесінің басқа да қатысушылары ұсынған ақпарат, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары пайдаланылды.

Осы қорытындыдағы тұжырымдар мен ұсыныстар Тексеру комиссиясының бағалау пікірі болып табылады және бөгде ұйымдардың сараптамалық пікірлерінен ерекшеленуі мүмкін.

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды
Дата публикации
31 мая 2023