Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы №1 қаулысына өзгерісті енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді.
2) осы қаулыны Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
«Қостанай облысы бойынша
тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің төрағасы Д. Костюков