«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әдеп жөніндегі уәкілдің  2023 жылға арналған жұмыс жоспары

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әдеп жөніндегі уәкілдің
 2023 жылға арналған жұмыс жоспары

 

№

Шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Аяқтау нысаны

1

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселесі бойынша консультациялық көмек көрсету

Тұрақты

Консультациялық көмек

2

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

Тұрақты

Өтініштерді қарау нәтижелері

3

Функцияға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің және басқа да азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асыру

Тұрақты

Қабылдау кәртішкесі

4

Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тоқсан сайын

Техникалық оқу хаттамасы

5

Қазақстан Республикасының Әдеп кодексін және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдау және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізу

Тоқсан сайын

Ұсынымдар

6

Қазақстан Республикасының заңамасында белгіленген талаптарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау туралы ұсынымдар енгізу

Тоқсан сайын

Ұсынымдар

7

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 60-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және мемлекеттік аудиторлардың кәсіптік әдебі Қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудиторлық іс-шараға шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларымен техникалық оқу (нұсқама) өткізу

Аудит тобы аудиторлық іс-шараларға шығар алдында

Техникалық оқу (нұсқама) хаттамасы

(жүргізілетін аудиторлық іс-шара бойынша жиынтық папкаға тігіледі)

8

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы есептер ұсыну

 

Тоқсан сайын

Есеп

9

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтерді (аты-жөні, фотосуреті, кабинет, телефон номерлері) мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды ұйымдастыру және бақылау

Тұрақты

Есеп

10

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моралдық-психологиялық ахаулдың жәй-күйін мониторинг жүргізу мақсатында анонимді сауалнама жүргізу

Маусым, желтоқсан

Қызметтік жазба

11

Республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі спорттық іс-шараларды қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге тарту

Бір жылдың ішінде

Іс-шаралар

12

Мемлекеттік аудиторлардың Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын сақтауды талдау мақсатымен, аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары арасында сауалнама жүргізу

Тұрақты

Қызметтік жазба

 

 

Әдеп жөніндегі уәкіл                                                                                                          Г. Тасқымбаева

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әдеп жөніндегі уәкілдің  2023 жылға арналған жұмыс жоспары
Дата публикации
06 января 2023