«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әдеп жөніндегі уәкілінің 2020 жылғы қызметі туралы есеп

2020 жылы әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 5 адамға, оның ішінде 4 мемлекеттік қызметшіге және 1 жеке тұлғаға жеке консультациялық көмек көрсетті.

Мемлекеттік мекеменің әдеп жөніндегі уәкілі 2020 жылы 9 азаматтарды жеке қабылдады. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді, бір сұрақ бойынша заңнаманы әзірлеуші уәкілетті органға жүгіну ұсынылды.

2020 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді, оның ішінде 4 техникалық оқуда, 1 жұмыс кеңесінде, 10 нұсқаулықта және 1 дөңгелек үстелде.

Мекеменің барлық мемлекеттік қызметшілерін бейдждермен қамтамасыз ету мәселесі пысықталды. Мемлекеттік қызметшілер бейджиктермен қамтамасыз етілген, онда Т.А. Ә., ұйымның атауы, электрондық мекенжайы және телефоны көрсетілген, фотосуреті бар.

Жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, еңбек тәртібін сақтау жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында мемлекеттік органда кіруді басқаруды бақылау жүйесі (ҚББЖ) орнатылған. Қазіргі уақытта жүйе жұмыс істейді, мекеменің кадр қызметі түсіруді негізінде ай сайын жүргізеді. Уақытан артық жұмыс істемейді. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тексеру комиссиясында сегіз сағаттық жұмыс күнінен кейін компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесін енгізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органда икемді жұмыс кестесі енгізілді. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшісі Г.Қ. Таңатарова сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан бастап 17.30-ға дейін жұмыс істейді.

Интернет-ресурста және мемлекеттік органның ғимаратындағы көпшілікке көрінетін стендінде әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер (Т.А.Ә., фото, кабинет және телефон нөмірі) орналастырылған.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 60-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің және мемлекеттік аудиторлардың кәсіптік әдебі қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық оқу (нұсқаулық) жүргізуге тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі қатысады. Өткізілген нұсқаулықтардың хаттамалары жүргізілетін аудиторлық іс-шара бойынша жиынтық папкаға тігіледі. 2020 жылы барлығы 10 нұсқаулықтар өткізілді.

Бұдан басқа, тексеру комиссиясы төрағасының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №12-н/қ бұйрығымен мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын талдау үшін сауалнама нысаны бекітілді.

Есепті кезеңде 9 аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 49 лауазымды тұлғалары арасында сауалнама жүргізілді. Жүргізілген талдау тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының қағидаларды сақтайтынын көрсетті. Мемлекеттік аудиторлар өздерін сыпайы, қарапайым және құрметпен ұстайды, аудит нәтижесінде бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша дәлелдер қабылдайды, сондай-ақ киімнің іскерлік стилін, жұмыс күнінің тәртібін сақтайды және назар белгілеріне, жұмыс орнындағы артықшылыққа, сыйлықтар қабылдауға және т. б. жол бермейді.

Әдеп жөніндегі уәкіл 2020 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының м.а. 04.08.2017 жылғы №156 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес екі анонимдік сауалнама жүргізді. Жасырын сауалнама қорытындысы бойынша жүргізілген талдау мекеме басшысына ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдағы моральдық-психологиялық ахуалды айқындау жөніндегі тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің жасырынды сауалнама нәтижелері оларды жетекшілік ететін бөлімдерде талқылау үшін тексеру комиссиясының мүшелері мен бөлім басшыларына жеткізілді.

Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін, алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына жәрдемдесуге ынталандыруды және уәждемені арттырғаны және тәлімгерлік үшін әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша екі мемлекеттік қызметші көтермеленді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің алғыс хаты түрінде (С.В. Дорошко) және ақшалай көтермелеу түрінде (А.А. Шәріпова).

Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы қағидаттарын іске асыру мақсатында есепті кезеңде жүргізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат фотосуреттермен бірге мекеменің интернет-ресурсында және Facebook, Instagram-да орналастырылған. Барлығы 44 іс-шара орналастырылды.

Әдеп жөніндегі уәкіл тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері арасында оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімін жасады және таратты. Тізім әкімшілік ғимараттағы ақпараттық стендте орналасқан.

Әдеп жөніндегі уәкіл Facebook, Instagram және мемлекеттік органның веб-сайтында «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының жергілікті бюджеттің табыстарын және активтерді пайдалану аудит бөлімінің басшысы Дорошко Светлана Владимировнаның табыс тарихы» бейнефильмін дайындады және орналастырды.

Қазіргі уақытта әдеп жөніндегі уәкіл азаматтардың өтініштерін мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзумен ғана шектеліп қана қоймай, мемлекеттік органның барлық функциялар спектрін қарастырады. Мысалы, есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кіру бойынша мәселелерден басқа, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы, мемлекеттік аудитор мен мемлекеттік аудит объектісі арасындағы жанжалды шешу туралы және осындай жағдайларда уәкілдің рөлі қандай деген сұрақтарда болды.

Мемлекеттік органда барлық мемлекеттік қызметшілер заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды, оның ішінде кадрлық шешімдер кезінде мүдделер қақтығысын болғызбауды және реттеуді, игіліктер мен артықшылықтарды бөлуді, мемлекеттік сатып алуды, декларацияларды уақтылы және дұрыс тапсыруды, кәсіпкерлік қызметпен айналысуды және т. б. сақтайды.

 

 

Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл                                                                     Г. Тасқымбаева

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әдеп жөніндегі уәкілінің 2020 жылғы қызметі туралы есеп
Дата публикации
26 января 2021