2019 жылы Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 6 тұлғаға, оның ішінде 3 мемлекеттік қызметшілерге және 3 жеке және заңы тұлғаларға жеке консультациялық көмек көрсетті.
Мемлекеттік мекеменің Әдеп жөніндегі уәкіл 2019 жылы 13 жеке қабылдау өткізді, оның ішінде 2 көшпелі. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді, бір мәселе бойынша заңнама әзірлеуші уәкілетті органға жүгіну ұсынылды.
2019 жылы Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әеп кодекс саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша, атап айтқана 13 техникалық оқуда, 2 аппараттық кеңестерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мекеменің барлық мемлекеттік қызметшілерін бейдждермен қамтамасыз ету мәселесі пысықталды. Мемлекеттік қызметшілер Т. А. Ж., ұйымның атауы, электрондық мекен-жайы және телефоны көрсетілген, фотосуреті бар бейдждермен қамтамасыз етілген.
Жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, еңбек тәртібін сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында, 2019 жылғы наурызда мемлекеттік органда Кіруді басқаруды бақылау жүйесі (КББЖ) орнатылды. Қазіргі уақытта жүйе жұмыс істейді, мекеменің кадр қызметі ай сайынғы негізде жүктеуді жүргізеді. Артық уақыт жұмыс істеу жағдайлары жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, Тексеру комиссиясында сегіз сағаттық жұмыс күнінен кейін компьютерлерді автоматты түрде ажырату жүйесі енгізілді.
Сондай-ақ, икемді жұмыс кестесі бойынша мәселе қаралып, 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап екі мемлекеттік қызметші үшін икемді жұмыс кестесі енгізілді. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері Г. Қ. Таңатарова мен А. А. Шарипова сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Бұл ретте А. А. Шарипованың жеке өтініші бойынша 2019 жылғы 1 қарашадан бастап икемді кесте алып тасталы.
Интернет-ресурста және мемлекеттік органның ғимаратында жалпы шолу үшін стендіде Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер орналастырылған (Т.А.Ж., фото, кабинет және телефон нөмірі).
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу ережесінің 60-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, техникалық оқуды (нұсқама) жүргізуге Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі тартылады. Өткізілген нұсқамалардың хаттамалары жүргізілетін аудиторлық іс-шара бойынша жиынтық папкаға тігіледі. 2019 жылы барлығы 18 нұсқаулық өткізілді.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы төрағасының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №12-н/қ бұйрығымен Мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын сақтауын талдау үшін Сауалнама нысаны бекітілді.
Есепті кезеңде 18 аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 107 лауазымды тұлғалары арасында сауалнама жүргізілді.
Жүргізілген талдау Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары ережелерді сақтайтынын көрсетті. Мемлекеттік аудиторлар өзін дұрыс, қарапайым және құрметпен ұстайы, аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша дәлелдерді қабылдайды, сондай-ақ киім-кешектің іскерлік стилін, жұмыс күнінің тәртібін сақтайды және назар аударуға, жұмыс орнындағы артықшылық, сыйлықтар мен т. б. қабылдауға жол бермейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м. а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл 2019 жылы екі анонимді сауалнама жүргізді. Анонимді сауалнама қорытындысы бойынша жүргізілген талдау мекеме басшысына ұсынылды. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл техникалық оқуда мемлекеттік органда моральдық - психологиялық климатты анықтау бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің анонимді сауалнамасының қорытындысын Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне жеткізді.
Бұдан басқа, «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ Әдеп жөніндегі уәкіл К. Ж. Сюндиковтың ұсынысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі, Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелері туралы хабардар болу деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға мемлекеттік органның 32 қызметкері қатысты.
Өткізілген сауалнама қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әднр кодексі нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет деген қорытынды жасалды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің зерделенген мүдделері (хобби, спорт) одан әрі бос уақытын және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын болады.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға және ұжымда жағымды климатты қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін мекеме басшысының қолы қойылған Алғыс хат түрінде үш мемлекеттік қызметші марапатталды.
2019 жылы ақпанда «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Ж. Сюндиков Тексеру комиссиясының этика жөніндегі уәкілімен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Қостанай облысы бойынша филиалының тыңдаушыларымен «Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджі» тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарды сақтауы және Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2017 және 2018 жылдардағы қызметі мәселелері қаралды.
Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы қағидаттарын іске асыру мақсатында, есепті кезеңде өткізілген іс-шаралар бойынша барлық ақпарат фотосуреттермен мекеменің интернет-ресурсында және Facebook, Instagram орналастырылған. Барлығы орналастырылған іс-шараларың саны – 51.
Техникалық оқуларда Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі келесі мәселелерді қарады:
нұсқаулығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша;
- 2018 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы Ұлттық баяндама»;
- «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2019 жылдың жеті айындағы қызметі туралы» есебі;
- «Мемлекеттік қызметтегі қызметтік әдеп стандарттарын нығайту бойынша негізгі іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында, жалпы тәртіп стандартының талаптарын бұзудан көрінген тәртіптік теріс қылықтардың фабулалары қарастырылды және талқыланы. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері теріс қылық түрін анықтап, оны жасаудың мән-жайын анықтады;
- мемлекеттік қызметте қызмет әдеп стандарттарын нығайту бойынша негізгі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде, «Мемлекеттік қызметтегі басқару мәдениеті және қызметтік қарым-қатынас әдебі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік және еңбек тәртібін, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын сақтау мәселелері қаралды;
- «Мемлекеттік қызметтегі қызметтік әдеп стандарттарын нығайту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында, қызметтік қарым-қатынаста мінез-құлық стандарттарын бұзудан көрінген тәртіптік теріс қылықтардың фабулалары қаралды және талқыланды. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері теріс қылық түрін анықтап, оны жасаудың мән-жайын анықтады;
- «Тәртіптік теріс қылықтар және жауапкершілік: өткеннің тәжірибесі мен сабақтары» тақырыбына сұхбат алаңы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелері туралы білімді жинақтау; қызметкерлер арасында қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстаудың мәдениеті туралы білімдерді көрсете білуді дамыту;
- «Мемлекеттік қызметтегі қызметтік әдеп стандарттарын нығайту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында, қызметтік қарым-қатынаста мінез-құлық стандарттарын бұзудан көрінген тәртіптік теріс қылықтардың фабулалары қаралды және талқыланды. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері теріс қылық түрін анықтап, оны жасаудың мән-жайын анықтады;
- «Қызметтік қарым-қатынасты қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара қызметкерлерді ұжым ішіндегі салауатты моральдық-психологиялық атмосфераны қолдау тәсілдерімен таныстыру, жұмыс бойынша әріптестерге жағдай жасау, сенім және өзара түсіністік жағдайы; тұрақты ұжымды қалыптастыру, іскерлік атмосфераны құру бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында өткізілді.
Ынтымақтастық және серіктестік қарым-қатынас туралы шарт шеңберінде «Челябі мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Қостанай филиалының жоғары курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Студенттер Тексеру комиссиясының қызметімен танысты, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. ЧелМУ студенттері Тексеру комиссиясында тәжірибеден өтеді. Сонымен қатар, Қостанай жоғары экономикалық колледжінің, Б-210 есеп және аудит тобының студенттері С. Әлкенова, А. Әубәкіров, М. Братышев және А. Ембергенова студенттермен кездесу өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбаевқа 175 жыл толуын ауқымды мерекелеу туралы бастамасын қолдау мақсатында, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар #Abai175 челленджін іске қосты, оған Тексеру комиссиясының төрағасы Д. А. Костюков және аппарат басшысы Г. Д. Тасқымбаева қатысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында және мемлекеттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге тарту мақсатында, әдеп жөніндегі уәкіл Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға ұжымдық сапарын ұйымастыры.
Әдеп жөніндегі уәкіл Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері арасында оқуға ұсынылған әдебиеттер тізімін жасады және таратты. Сондай-ақ, тізім әкімшілік ғимараттағы ақпараттық стендте орналастырылған.
Хаттамалық тапсырманы орындау шеңберінде, Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне, Мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілер жинағы дайындалды және таратылды.
Әдеп жөніндегі уәкілмен «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі – Руслан Сатвалдаұлы Байғабұловтың табыс тарихы» бейнефильмі дайындалды және Facebook, Instagram-да және мемлекеттік органның веб - сайтында орналастырылды.
Тексеру комиссиясының қызметкерлері «Сен көмек көрсет және саған көмектеседі» акциясына ұйымдасқан түрде қатысты. Мекеменің 11 мемлекеттік қызметкері Қостанай облыстық "қан орталығы"арқылы қан тапсырды. Мекеменің 11 мемлекеттік қызметкері Қостанай облыстық «Қан орталығы»арқылы қан тапсырды.
Қазіргі уақытта әдеп жөніндегі уәкіл азаматтардың өтініштерін қарау Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзумен шектелмейді, мемлекеттік орган қызметінің барлық спектрін қамтиды. Мысалы, есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кіру мәселелерінен басқа әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы, мемлекеттік аудитор мен мемлекеттік аудит объектісі арасындағы жанжалды шешу туралы мәселелер және осындай жағдайларда уәкілдің рөлі қандай болды.
Мемлекеттік органда барлық мемлекеттік қызметшілер заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтайды, оның ішінде кадрлық шешімдер кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу, игіліктер мен артықшылықтарды бөлу, мемлекеттік сатып алу, декларацияларды уақтылы және дұрыс тапсыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысу және т. б.
Аппарат басшысы, Әдеп жөнінегі уәкіл Г. Тасқымбаева