Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ереже

Бекітілді
төрағасының
Тексеру комиссиясының
Қостанай облысы бойынша
бастап "___" _______ 2017 ЖЫЛ

№ ____

 

 

 

Персоналды басқару қызметі туралы ереже

(кадр қызметі)

 

1. Жалпы ережелер

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің Мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.

 

2. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің)негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялар:

1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;;

2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "е-қызмет"персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамалардан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады;

3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады;

4) Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің сақталуын, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) қамтамасыз ету болып табылады;

5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру.

4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

Функциялар:

1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу болып табылады.

5. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын персоналды басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік қызмет саласындағы актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болады.
7. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):

1) өзіне заңмен және осы үлгі Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмысын ұйымдастыру

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, Тексеру комиссиясының аппарат басшысына тікелей бағынады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болады.
10. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға кадр жұмысы жөніндегі бас инспектор қол қояды.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ереже
Дата публикации
20 июня 2022