Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру және кен іздеушілік жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындылары туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзудың жалпы сомасы 914,9 мың теңгені құрады. Ықтимал шығындар мен жоғалған пайда – 5 117,1 мың теңге. Процедуралық бұзушылықтар саны 3 бірлік, жүйелік кемшіліктер 6 бірлік, кемшіліктер – 5 бірлік.

Аудит жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру процестерінің жеткіліксіз цифрландырылуы, барланған кен орындарын шаруашылық айналымға тарту деңгейінің төмендігі, берілген жер қойнауын пайдалану құқықтарын пайдалану тиімділігінің жеткіліксіздігі, нормативтік реттеудің және бақылау қызметін ұйымдастырудың жекелеген кемшіліктерінің болуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерін бұзудың тұрақты төмендеуінің болмауы салдарынан қызметтің тиімділігі төмендегенін анықтады.

Аудит қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану және кен іздеушілік, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар енгізілді.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру және кен іздеушілік жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындылары туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дата публикации
21 сентября 2026