Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды

Қостанай облысы әкімдігінің облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес дайындалды.

Бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері ескерілді.

Қорытындыны дайындау кезінде статистикалық және ведомстволық деректер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) және бюджеттік процестің басқа да қатысушылары ұсынған ақпарат, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары пайдаланылды.

Осы қорытындыдағы тұжырымдар мен ұсыныстар Тексеру комиссиясының бағалаушылық пікірі болып табылады және басқа ұйымдардың сараптамалық пайымдауларынан ерекшеленуі мүмкін.

қорытынды
Дата публикации
05 июня 2026