Әкімшілік-құқықтық бөлімінің құқықтық және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маманы, D-4 санаты, В блогы, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 263131,00 теңгеден 302255,00 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Мекеме қызметінің заң түрлері бойынша мәселелерді қарау және оның құқықтық мүдделерін қорғау;
Бұйрықтар, шарттар қосымша келісімдер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін әзірлеу, өзгерістер енгізу, бекіту;
Тексеру комиссиясының регламентін, тексеру комиссиясында құжаттама және құжаттаманы басқару ережесін әзірлеу, оларға өзгерістерді енгізу, бекіту, «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің құрмет тақтайшасын» рәсімдеу тәртібін, қызметтік куәліктерді беру тәртібін және бөлім құзырына кіретін өзге құжаттарды енгізу және бекіту;
Әділет органдарында тексеру комиссиясының қаулыларын, әдістемеліктерін, ережелерін, қағидаларын және өзге нормативтік-құқықтық актілердің тіркелуін қамтамасыз ету;
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әдіснамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Құқықтық мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету;
Талап-наразылық жұмысты жүргізу;
Аудиторлық есептерге, бұзушылықтардың тізілімдеріне (жиынтық тізілімдеріне), қорытындылар мен қаулылардың (нұсқамалардың) жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
Өз құзыреті шегінде соттарда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру;
Құзыретіне сәйкес ВАЖ-ге деректерді уақтылы енгізу;
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша, іс-шаралар Жоспарын орындаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру, осы мәселе бойынша есеп жасау;
Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдау жасау, осы бағыт бойынша есеп жасау;
Мекемеде азаматтық қорғаныс жөнінде жұмыстар жүргізу және іс-шаралар ұйымдастыру;
Бірыңғай тексеру жүйесінің (БТЖ) жұмысында қызметкерлердің тізімдерін ұйымдастыру және өзектендіру;
Бірыңғай құжат айналымының электрондық жүйесінде (ЭҚАБЖ) электрондық-цифрлық қолтаңбаларды уақтылы жаңарту;
Тексеру комиссиясының интернет – ресурсында ақпаратты уақтылы дайындау және орналастыру, тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тексеру комиссиясында мемлекеттік тілдің қолданылуы, дамуы және енгізілуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Заңнамаға сәйкес іс жүргізуді ұйымдастыру;
Семинарларды, дөңгелек үстелдерді, кенестерді, салтанатты іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру;
Тексеру комиссиясы төрағасының салтанатты іс-шараларға сөздерін, түрлі іс-шараларға құттықтау мәтіндерін дайындау;
Тексеру комиссиясы мәжілістерінің хаттамаларын жүргізу, тексеру комиссиясы төрағасының хаттамалық және өзге де тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау, осы мәселе бойынша тоқсан сайынғы есепті жасау;
ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Үйлестіру Кеңесінің, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімдерінің, аппараттық кеңестердің және тексеру комиссиясы төрағасының өзге де тапсырмаларының орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу, осы мәселе бойынша тоқсан сайынғы есепті жасау;
Тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын уақтылы жасау және орындау;
Тексеру комиссиясының медиа - жоспарын әзірлеу және жасау, тексеру комиссиясының іс - шараларын жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
Ұйымдастыру жұмысы бойынша мәліметтер мен есептерді жасау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есепке алуды және есептілікті ұсынуды жүзеге асыру, жеке тұлғаларға (өкілдерге) немесе заңды тұлғалардың өкілдеріне талондар беруді жүзеге асыру;
Тексеру комиссиясының «сенім телефоны» бойынша өтініштер бойынша есепке алуды жүзеге асыру және есептілікті ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;
Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясы қызметкерлерінің Техникалық оқуын өткізу және ұйымдастыру;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: құқық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талапқа сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Төрағасы 2025 жылғы 08 желтоқсандағы № 196 бекіткен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды мемлекеттік органның жұмыс уақытында сағат 09-00 бастап 18-00 ге дейін қабылдайды.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Үміткерлермен әңгімелесу Тексеру комиссиясының ғимаратында, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112 мекен-жайында өтеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Кандидаттардың ішкі конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануына жол беріледі..
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға ішкі конкурс
өткізу қағидаларының
1-қосымшасы
Нысан
________________________
________________________
________________________
тел.____________________
эл. мекенжайы __________
Өтініш
Мені____________________________________________________________
_________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________________ (иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___" _______________