Қазақстан мен Әзірбайжан Энергетика министрлері ОПЕК + келісімін талқылады

Қазақстан мен Әзірбайжан Энергетика министрлері ОПЕК + келісімін талқылады

Бүгін, 2020 жылғы 27 тамызда алдағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының дайындық мәселелерін талқылау үшін Энергетика министрі Н.Ноғаевтың және Әзірбайжан Энергетика министрі П.Шахбазовтың бейнеконференция форматында тілдесуі өтті.

Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты тараптар үкіметаралық комиссияны ағымдағы жылғы қазан айында бейнеконференция форматында өткізуге келісті.

Сонымен қатар, тілдесу барысында тараптар Қазақстан мен Әзірбайжанның ОПЕК+ аясында жүргізіліп жатқан жұмысын талқылады. Бүгінгі таңда ОПЕК+ келісіміне қатысушылар қабылдаған шаралардың арқасында мұнай бағасының өзгеруі мен сұраныс және ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру бойынша оң динамика байқалады.

(Kazakh TV сайтынан алынған иллюстрациялық фото)