
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков жөндеу жұмыстарының барысын бағалау және алдағы жылыту маусымына дайындық үшін Кентау және Шымкент қалаларында ЖЭО-ға барды.
Кентау қаласының ЖЭО-да № 8, 9, 10, 11 қазандықтарды қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. № 7, 12 қазандықтарды қайта жаңарту басталды. Мердігерлік ұйым қызметкерлерінің жалпы саны 120 адамнан асады. № 5, 6 қазандықтарда және № 6 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Электр тарату желілері бойынша регламенттік жұмыстар орындалуда. Отын жеткізуге шарттар жасасу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының ЖЭО-да 26 кезеңді ауыстыру бойынша жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты № 2 турбинаны жөндеу мерзімі ағымдағы жылдың 12 тамызына дейін ұзартылады. № 3 қазандықты жөндеу жұмыстары а.ж. шілде айының соңына дейін жалғасуда.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарының барысын бақылау үшін энергия кәсіпорындарына шығуды жүзеге асырады.