
2024 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "CASPI BITUM "СП" ЖШС өкілдері кездесіп,
"CASPI BITUM "СП" ЖШС-ның өндірістік қуатын жылына 1,5 млн.тоннаға дейін ұлғайту" жобасы (одан әрі - жоба) және жоспарланған жұмыстар бойынша кеңес өткізді.
"CASPI BITUM" СП" ЖШС Орталық Азиядағы жол битумының ірі өндірушісі болып саналады. Мекеме құрылысы 2010-2013 жылдары аралығында жүргізіліп, 2013 жылғы 12 желтоқсанда пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 17 қазанда ҚХР іс-сапары барысында "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ мен CITIC Group арасында жобаны 2024-2025 жылдары іске асыруды көздейтін келісімге қол қойылған болатын.
Жобаны табысты іске асыру "Қаражанбас" кен орнынан шығатын тұтқырлығы жоғары мұнайды-жылына 1-ден 1,5 миллион тоннаға дейін қайта өңдеуге, битум өндірісін жылына 500 — ден 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жоба белсенді кезеңге көшуде, атап айтқанда жобалық құжаттама 2024 жылдың қыркүйегіне дейін әзірлену барысында. Сондай-ақ, 2024 жылдың қарашасы – 2025 жылдың наурызы кезеңінде жабдықтар мен материалдарды дайындау және жеткізу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін шартқа қол қойылды.
Жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде қосымша жабдықтар мен құбыржолдар, энергия жабдықтары, ТПБАЖ және БӨА (АСУТП и КИП), құрылыс барысы мен пайдалану кезеңіндегі қосымша жұмыс орындарының түпкілікті саны айқындалатын болады.
Зауытты іске қосу 2025 жылдың сәуіріне жоспарланған.
Ішкі нарықты отандық битуммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бұл жоба - ҚР Үкіметінің 2024 жылғы экономикалық өсу жөніндегі іс-қимыл жоспарына енгізілген.