Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы

Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы

АЙТЫЛДЫ

«Заңнамада ірі кәсіпорындардың сатып алуларындағы елшілік құндығы үлесін ұлғайту бойынша шараларын бекіту».

(Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы «Отандық өндірушілерді толыққанды пайдалану туралы» тапсырмасы)

ОРЫНДАЛДЫ

Бүгінгі күні мұнай-газ саласында жер қойнауын пайдалануға 309 келісімшарт жасалды, оның ішінде 276-сында жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елшілік құндығы үлесіне қатысты міндеттемелері бар.

Жоғарыда көрсетілген тапсырманы орынндау мақсатында:

  • Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығымен бекітілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар өткізу қағидаларына;
  • Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 233 бұйрығымен бекітілген көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойануын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарына өзгерістер енгізілді.

Қабылданған түзетулер (бұған дейін заңнамада болмаған) Министрліктің мынадай құқықтарын көздейді:

  • электрондық аукцион туралы хабарламаларда тауарлардың елшілік құндығы бойынша ең кем міндеттемелерді көрсету;
  • жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың елшілік құндығы үлесін бекіту.

Бұл шаралар тараптарға жер қойнауын пайдалануға жаңа келісімшарттарға қол қою немесе қолданыстағы келісімшарттарға өзгерістер енгізу кезінде келіссөздер нәтижелері бойынша отандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың үлесі бойынша мақсатты көрсеткіштерді белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге бұл нормалар Қазақстан Республикасының ДСҰ және ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық міндеттемелеріне әсер етпейді.

Құқықтық актілерге енгізілген өзгерістердің толық мәтінімен мынадай сілтемелер бойынша танысуға болады:

  1. https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/637535?lang=kk
  2. https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/637528?lang=kk

Фото: ашық дерек көздерден