Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы жұмысы туралы есеп

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы жұмысы туралы есеп

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы
29 наурыздағы № 112 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) құрамы бекітілген.

Қоғамдық кеңес құрамындағы мемлекеттік қызметкерлердің санын азайту, азаматтық қоғам өкілдерінің санын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 96 бұйрығымен Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда Қоғамдық кеңестің құрамы мемлекеттік органның
1 өкілінен, азаматтық қоғамның 23 өкілінен тұрады, оның ішінде 7 әйел адам. Осылайша, Қоғамдық кеңестің құрамын 29,2% әйел, 70,8% ер азамат құрайды, сондай-ақ құрамның 12,5 % жас азаматтардан тұрады.

Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылы Қоғамдық кеңестің 13 отырысы, оның ішінде 4 отырыс Энергетика министрінің қатысуымен өткізілді. Министр А. Сәтқалиев қатысқан отырыстарда
2018-2022 жылдар аралығында жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ және қазақстандық кадрларды оқытуға арналған 1% қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы, Қазақстандағы майнинг фермаларының жұмысы, ҚР гидроэнергетика саласын дамыту жоспары туралы мәселелер талқыланып, ҮЕҰ өкілдері азаматтық сектор атынан өз сұрақтарына жауап алды. Жалпы Қоғамдық кеңес отырыстарында 34 өзекті мәселе қаралып, талқыланды.

Сондай-ақ 2023 жылы Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан 142 НҚА жобасы қаралды, оның ішінде: ҚР Заң жобасы - 2, ҚР Үкіметі қаулысының жобасы - 29, ҚР ЭМ бұйрық жобасы – 111.

«Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 863 Жарлығына сәйкес 2023 жылы Министрлік басшылығының республикамыздың
18 өңірінде  халықпен кездесулері өткізілді. Бұл кездесулерге Қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, ҮЕҰ өкілдері де тартылды. Кездесулер қорытындыcы бойынша Министрліктің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде баспасөз хабарламалары, анонстар, сюжеттер жарияланып, брифинг, кездесулер өткізілді.

Жалпы есепті кезеңде Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында 8 сұхбат беріліп, материалдары жарияланды. Атап айтқанда, 12.09.23ж. ҚК мүшесі К. Саттықова «Қазақстан» телеарнасының «Жылыту маусымына дайынбыз ба?» деп аталатын «Ашық алаң» хабарына, 26.09.23ж. А. Әбілдаев Tengrinews.kz «ODAGAI» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді; 14.09-15.09.23ж. (GIZ) Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы дипломатиясының көмірсутек офисі ұйымдастырған «Жасыл» көмірсутек бойынша хабардар болуын арттыру» атты семинар жұмысына ҚК мүшелері А. Акишев, О. Байдильдинов, Ж. Мұхамбетқызы, Г. Мұратәлиева, Ә. Қуат белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, сөз сөйледі; 10.11.23ж.
Б. Досмұхамбетова ҚР Мәжілісінің Парламентінде өткен отырысқа қатысып, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң шеңберінде сөз сөйледі; 07.12.23ж. Министрлікте өткізілген «Қазақстанның Тәуелсіздік алған сәтінен бастап энергетика саласының дамуы және одан әрі дамыту жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге ҚК мүшелері А. Әбілдаев және  Ж. Мұхамбетқызы қатысып, сөз сөйледі.

Министрліктің ресми сайтында Қоғамдық кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша 7 баспасөз ақпараты жарияланып, әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан әлеуметтік желілерде 95 материал жарияланды.