
2024 жылғы 27 ақпандажиынтықбелгіленгенқуаты10 МВт БиоЭСқұрылысынажобалардыіріктеубойынша ЖЭК аукционы өткізілді
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 4 баға ұсынысын бердіБерілген өтінімдердің жиынтық көлемі 13 МВт құрады
БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2024 жылы 32.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз)құрадыАукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 32.23-тен 32.03 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 10-нан 10.6 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:
«ZOR-Biogas» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2.4 МВт, аукциондық бағасы 32.03 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
«Apfel Alatau» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3.4 МВт, аукциондық бағасы 32.08 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
«Zor Fish» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.8 МВт, аукциондық бағасы 32.13 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ және USAIDөкілдері қатысты.
Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Сондай-ақ, БиоЭС түрі бойынша жиынтық белгіленген қуаты 10 МВт аукцион бұрын өткізілген (2023 жылғы 30 қараша) аукцион өткізілмеді деп танылғанына байланысты қайтаөткізілді
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/