Қоғамдық кеңестің газ саласы мәселелері жөніндегі отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің газ саласы мәселелері жөніндегі отырысы өтті

ҚР Энергетика министрлігінде 2024 жылғы 21 ақпандаэнергетика
вице-министрі Әлібек Жамауовтың қатысуымен Қоғамдық кеңестің газ саласы мәселелері жөніндегі кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында газ моторлы отын нарығын дамыту, ілеспе және табиғигазды кәдеге жарату, сұйытылған мұнай газын бөлу жоспарын цифрландыру, сұйытылған мұнай газынөндіруді ұлғайту мақсатында өндірушілерді ынталандыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатартабиғи газды өндіру және тұтыну бойынша ұзақ мерзімді болжамдар туралы мәселе қаралды. Осы талқылау шеңберінде вице-министр өткен жылғы тауарлық газдыңөндіріс көлемі, сондай-ақ алдағы кезеңге болжамды көлемдері туралы толық ақпарат ұсынды

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері отырыста қаралған мәселелерді шешу бойынша, атап айтқанда ілеспе және табиғи газды кәдеге жарату әдістемесіне, өндірістік қуаттардыұлғайтуға және газ өндіру мен қайта өңдеу саласында жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ ұлттық оператордың қызметіне қатысты бірқатар ұсыныстар енгізіп, ҚР Энергетика министрлігінің салалық бөлімшелерімен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді