Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті

Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті

2024 жылғы 30 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігінде Б.К. Әуетаевтың төрағалығымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті.          

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының сутегі энергетикасы туралы тұжырымдамасын дайындау,  инжинирингтік және құрылыс-монтаждау компанияларының энергетика объектілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға қатысуы,  сондай-ақ қолданыстағы электр энергиясының көтерме сауда нарығы моделінде транспаренттіліктің болмауы мәселелері қаралып, талқыланды.        

Қоғамдық кеңестің аталған отырысына сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры-Басқарма мүшесі Д.Р. Айтмағамбетов қатысып, ұлттық университет алаңында сутегі энергетикасы және жылу-электр энергетикасы саласындағы кадр әлеуетін дамыту мәселелерін талқылау туралы ұсыныс жасады.         Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді және оның қызметінің ағымдағы жылға басым  міндеттері айқындалды.