
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.
Қағидалардың 7-т. сәйкес мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын электрондық нысанда ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (2024 жылғы 22 қаңтардан бастап 02 ақпан сағат 18.30-ды қоса алған мерзімде).
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге қатысуға арналған құжаттар мына электрондық пошталарға ұсынылады: e_aytkojinova@energo.gov.kz, a.esenbaev@energo.gov.kz.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-69-78, 78-68-93.
Кiмге
__________________________
(орталық мемлекеттiк немесе
__________________________
жергiлiктi атқарушы орган
басшысының лауазымы, тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
Кiмнен ____________________
(бiрлестiк басшысының
лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
Деректемелер: _____________
(заңды мекенжайы, байланыс
телефоны)
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін өтініш
______________________________________________________________
(орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы)
жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптама кеңесінiң
қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану/жою үшін
______________________________________________________________
(бiрлестiктің және/немесе ұйымның атауы)
аккредиттеудi/акредиттеуді жоюды/мерзімсіз негізде аккредиттеуді сұраймын.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамына енгізу үшін бірлестік және/немесе ұйым өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
______________ _________________________________________________
(қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы "___" __________