Бүгін Алмасадам Сәтқалиев Жапонияның экономика, сауда және индустрия вице-министрі Козуки Ресукемен кездесті.
Тараптар энергетикалық ресурстар мен технологияларды, соның ішінде энергия үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Жапония арасында мұнай және газ өндіру, жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту, уран өндіру саласында бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ энергетикалық нысандарда жапондық технологияларды пайдалану саласында табысты ынтымақтастық бар.
Қазақстан үшін маңызды бағыттар – тау-кен өнеркәсібіне инвестицияларды ұлғайту, мұнай-газ секторын шикізаттан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге қайта бағдарлау, атап айтқанда, мұнай-химия саласын дамыту, жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Республикасының энергетика министрі мен Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрі энергетикаға көшу аясында төмен көміртекті дамыту және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.