
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2024– 2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде конкурстық құжаттамаға сәйкес «Энергия, озық материалдар және көлік» басым бағыты бойынша конкурс жариялайды.
Конкурстық құжаттама мен өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіру жүзеге асыруға жауапты тұлға – Әсел Хасымқызы Исаева, телефон 8(7172)-78-97-50, электрондық мекенжайы:.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-02 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228).
Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz. сілтемесі бойынша беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 3 қаңтардан бастап.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 1 ақпан (қоса алғанда).