
«Qazaqstan Project Management Awards – 2023» ұлттық байқауының қорытындысы бойынша Стратегиялық даму департаменті Жобалық офис басқармасының басшысы Айбек Ибатуллин – «Жылдың үздік жобалық менеджері», Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің бас сарапшысы Ер-Тарғын Тлеукенов – «Жылдың үздік жобасы» номинацияларын жеңіп алды.
Марапат Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен өткен
«Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен қатар табысталды.
Министрлік өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және дамытуға көп көңіл бөледі. Жыл сайын кәсіби жоба менеджерлерінің құрамы артып келеді.
Айбек Ибатуллин «СТ РК ISO 21500, 21503, 21504» стандарттары бойынша жобалық менеджмент саласында сертификатталған маман болып табылады.
Бұл ретте, отын-энергетика кешені саласындағы жобалар жобалық басқару тәсілдерін қолдану арқылы іске асырылуда.
Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің бас сарапшысы Ер-Тарғын Тлеукенов ұсынған «Уранды қайта өңдеу технологиясында аса жоғары жиілікті сәулеленуді қолдану» жобасы Global Innovation Management Institute табыстайтын арнайы номинацияда инновациялық деп танылды, бұл халықаралық сараптамалық қоғамдастық тарапынан жобаны әзірлеудегі Қазақстанның оң тәжірибесінің айғағы.