Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі- Заң) қол қойды, онда ҚР Энергетика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) сұйытылған мұнай газына шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу жөніндегі құзіреті көзделген.
Заңның нормаларын іске асыру мақсатында Министрлік Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу арқылы сұйытылған мұнай газына шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу әдістемесін әзірледі. Және сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары № 209.
Осы ережелер негізінде министрлік 2023 жылғы желтоқсан айының соңына дейін сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын жаңа бұйрықпен бекітуді жоспарлап отыр. Енгізілген өзгерістер қазіргі кезеңде сұйытылған мұнай газына бағаның өсуін білдірмейді. Айта кету керек, көтерме және бөлшек сауданың шекті бағалары сұйытылған мұнай газын өндіру құнын ескере отырып түзетілетін болады.