
2023 жылғы 23 қарашада жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Батыс аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК бірінші аукционы өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 5 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 40 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден 34.19 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:
Аукциондық сауда саттыққа байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .
Келесі аукцион 2023 жылғы 24 қарашаға ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт ірі ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт КЭС түрі бойынша тағайындалды.