
2023 жылғы 22 қарашада жиынтық белгіленген қуаты 30 МВт гидро электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық өтті.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 14 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 302 бағалық ұсыныс берілді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 50.4 МВт құрады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 41,23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазоны 41.23-тен 19.8 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 30-дан 31.9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:
Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сай талаптарын сақтау мақсатында бақылаушылар ретінде «Атамекен» ҰКП, «KAZENERGY» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ және ЕҚДБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтеді.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .
Келесі аукцион 2023 жылғы 23 қарашаға ҚР БЭЖ Батыс аймағының күн электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт тағайындалды.