
2023 жылғы 21 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу бойынша ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 4 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 310.001 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 10.38 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:
Қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі – 89.999 МВт құрады.
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.
Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .
Келесі аукцион 2023 жылғы 22 қарашаға ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін жиынтық белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.