
2023 жылғы 21 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында «Солтүстік-Оңтүстік» өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «ЭҚРҚО» АҚ-ға келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:
Электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тариф - айына 1 065 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттыққа 22 энергия өндіруші ұйым қатысты.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі – 6 738.2 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 5 011 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 727.2 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 22. Электр қуаты орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 1 057.96 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 8 068 МВт құрады.
Электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметтің іске асырылмаған көлемі 1 329.8 МВт құрады.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.