
2023 жылғы 20 қарашада ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 7 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 116.5 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 10.49 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде келесі өкілдер қатысты: «Атамекен» ҰКП, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкі. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .
Келесі аукцион белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша 2023 жылғы 21 қарашаға тағайындалды.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ.