ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының қорытындылары

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының қорытындылары

2023 жылғы 20 қараша «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында Маңғыстау энергия торабына қарай өткізу қабілетін ескере отырып, Маңғыстау облысы ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.  

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «ЭҚРҚО» АҚ-ға келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 532.4 МВт;
  • Маңғыстау Энергия торабына қарай электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігінің көлемі – 50 МВт құрайды.

Электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке шекті тариф -айына 1 065 мың тг / МВт (ҚҚС-сыз).

 Электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттыққа 5 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 532.4 МВт құрады, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша – 483.4 МВт, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша – 49 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны - 3. Электр қуаты орталықтандырылған сауда-саттықтың қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 1 064.3 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 651 МВт құрады.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықта байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілі қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.