Жезқазған ЖЭО бойынша жылыту кезеңінің өту барысы туралы

Жезқазған ЖЭО бойынша жылыту кезеңінің өту барысы туралы

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Илья Рожков «Kazakmhys Energy» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ға барды.

Жезқазған ЖЭО және мердігер ұйымдардың басшылығымен өткен кеңесте жөндеу жұмыстарын жеделдету мәселелері қаралды. № 4 қазандықты жөндеуді ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін, № 4 турбинаны ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін, ал № 9 қазандықты ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында аяқтау жоспарланған. Жезқазған ЖЭО-ға бару кезінде мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің жалпы саны 90-нан астам адамды құрады, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының мерзімін қысқарту үшін жөндеу персоналын ұлғайту мүмкіндігі пысықталуда.

Комитеттің аумақтық департаменті тұрақты негізде Жезқазған ЖЭО бойынша жылыту кезеңінің өту барысын бақылауды жүзеге асырады.