Энергетика вице-министрі А.Хасенов Жамбыл облысындағы «Амангелді» кен орнының 20 жылдығына орай іс-шараға қатысты

Энергетика вице-министрі А.Хасенов Жамбыл облысындағы «Амангелді» кен орнының 20 жылдығына орай іс-шараға қатысты

Энергетика вице-министрі А.Хасенов Жамбыл облысындағы «Амангелді» кен орнының 20 жылдығын мерекелеуге және «Анабай» кен орнын жайластыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауға арналған іс-шараға қатысты.

А.Хасенов өз сөзінде Амангелді тобының газ кен орындары Жамбыл облысындағы жалғыз газ кен орындары екенін атап өтті. Ағымдағы жинақталған газ өндіру 6 млрд. м3 асады. Жер қойнауында шамамен 16 млрд. м3 дәлелденген алынатын газ қоры қалуда.

Жақын арада Анабай кен орнын пайдалануға беру жүргізілуде. Компания 160 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етуде және жұмыс пен қызмет көрсету үшін мердігер ұйымдардың 500-ге жуық мамандарын тартуда. Осы кезеңде бюджетке аударымдар шамамен 40 млрд. теңгені құрады. А.Хасенов сала ардагерлері мен еңбек ұжымына жанқиярлық еңбегі, кәсібилігі және газ кен орындарын дамытқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ, Энергетика вице-министрі «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС ардагерлері мен қызметкерлерін Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.