Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде «Атом саласының қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде «Атом саласының қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті

2023 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде «Атом саласының қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК сияқты ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ж. Нұрмағанбетов өзінің кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін атом саласы қызметкерлерін «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ «Атом саласының үздігі» ведомстволық төс белгілерімен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапаттап, барлығын Атом саласы қызметкерлері күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Атом саласы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген және жыл сайын 28 қыркүйекте атап өтіледі.

Қазақстандық мерекелер күнтізбесінде атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі елдің экономикалық дамуындағы атом саласының маңызды рөлін айқындайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның атом саласы – негізгі, стратегиялық маңызды, экономиканың табысты салаларының бірі және еліміздегі ең жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін және үнемді саласы болып саналады. Атом саласының үлгерімі тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, атом энергетикасы шешуші рөл атқаратын болашақта лайықты орын алуға деген ұмтылысын растайды.

Биылғы жылы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол Семей ядролық сынақ полигонының ластанған жерлерін шектеуге және таза аумақтарды пайдалануға беруге мүмкіндік береді. Осы заң 9 мың шаршы шақырымға жуық жерлерді шаруашылық айналымға қайтарып, өңірдің экологиясы мен экономикасына оң әсерін тигізеді.

Елімізде ұлттық деңгейде физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі шаралар кешені іске асырылды және ядролық материалдарды экспорттық бақылау жүйесі жетілдірілді.

Биыл Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығының зерттеу реакторлары төмен байытылған отынға ауыстырылды. Бұл іс-шара біздің мамандардың жоғары деңгейін және Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау режиміне деген міндеттемелерін тағы да растайды.