
NCOC Солтүстік Каспийде теңіз операцияларының басталуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізді.
Солтүстік Каспий жобасының операторы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) компаниясы Атырауда Солтүстік Каспийде теңіз операцияларының басталуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізді. Іс-шараға энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин, NCOC басшылығының, серіктестік компаниялардың, өнеркәсіп секторының өкілдері және мұнай-газ индустриясының ардагерлері қатысты. Сондай-ақ, іс-шара АҚШ, Ресей және Әзірбайжаннан мұнай-газ саласының сарапшыларын жинады.