
Ағымдағы жылдың 31 тамызында Энергетика вице-министрі А.Ғ. Хасенов, ҚМГ ұлттық компаниясының өкілдері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар бастаған қазақстандық делегация Татарстан Республикасында мұнай өндірудің 80 жылдығына арналған жыл сайынғы Татарстандық мұнай-химия форумына қатысты.
Вице - министр өңірдің мұнай - газ саласы алдында өсіп келе жатқан сын - қатерлер жағдайында:
- өндіруді қарқындатудың экономикалық тиімді технологияларын қолдану;
- мұнай алу коэффициентін ұлғайту;
- алу қиын қорларды тарту;
- 4-5 қайта бөлу өнімдерін шығарумен мұнай-газ химиясын дамыту бойынша нақты міндеттер тұрғанын атап өтті.
Сондай-ақ, А.Хасенов Қазақстан Республикасында геологиялық барлау мен газ өндіруді ынталандыру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар бойынша форумға қатысушыларды хабардар етіп, Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салуға шақырды.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша тиісті кездесулер мен келіссөздер жүргізілді.