Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Сапар барысында Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, облыстың уран өндіру, мұнай-газды барлайтын және өндіретін жер қойнауын пайдаланушыларымен келіссөздер жүргізілетін болады.

 

Қызылорда облысында көптеген жұмыс орындарын қамтитын мұнай мен газ өндіру жыл сайын қорлардың табиғи сарқылуына байланысты азаюда. Осыған байланысты, жаңа ашулар, қарқынды барлау жұмыстары, «жетілген» кен орындарында мұнай беруді арттырудың жаңа және тиімді әдістерін қолдану қажет.

 

Осы мәселелердің барлығын жер қойнауын пайдаланушылармен талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігінің сапары аясында Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясының отырысы өткізіліп, 19 жобалық құжат қаралады.

 

Сонымен бірге, жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есептері бөлек тыңдалатын болады.