
Қазақстанның энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов келесі жылдан бастап мұнай өнімдері базаларында есепке алатын бақылау аспаптарын орнату туралы енгізілетін талапты талқылау үшін Қазақстандық отын қауымдастығының, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, мұнай базалары мен жеткізушілердің өкілдерімен кездесті.
Нарық қатысушыларына осы норманы егжей-тегжейлі түсіндіріп, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
Естеріңізге сала кетейік, мұнай өнімдері базаларын есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті жарақтандыру жөніндегі норма 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бүгінгі таңда бірнеше мұнай базалары нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесіне (МӨЕАЖ) деректерді пилоттық режимде береді. Күшіне енетін талаптарды түсіндіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жабдықтау жергілікті автожанармай құю станцияларының атына мұнай базаларында жанар-жағармай материалдарын бөлу жөнінде шешімдер қабылдауға арналған құрал, өйткені есепке алатын бақылау аспаптары арқылы нақты уақыт режимінде мұнай өнімдері көлемінің мониторингі жүзеге асырылатын болады.