
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімхановтың 2023-2024 жж. жылу маусымына дайындық барысын бақылау жөніндегі Алматы қаласында жұмыс сапары өтті.
Сұңғат Есімханов «Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) ЖЭО-2 станциясына барып, онда барлық ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын егжей-тегжейлі қарады. Сондай-ақ «АлЭС» АҚ басшылығымен жылыту маусымынан өтудің өзекті мәселелері, оның ішінде жөндеу жұмыстарын уақтылы, сапалы жүргізу тәуекелдері талқыланды.
Комитет негізгі жабдыққа жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.