ҚР Энергетика министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

ҚР Энергетика министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

2023 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Павлодар облысына келді.

 

Жұмыс сапары шеңберінде Алмасадам Сәтқалиев Екібастұз ЖЭО-ға, Екібастұз ГРЭС-1-ге барып, энергетикалық объектілердің жұмысымен танысады.

 

Энергетикалық объектілерге бару қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады. Сондай-ақ министр өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, алдағы уақытта ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның өңірлеріне арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірлердегі жылу орталықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді.