
2023 жылғы 11 тамызда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев азаматтарды қабылдап, Павлодар, Өскемен, Астана қалалары, сонымен қатар Жетісу, Түркістан, Маңғыстау облыстары тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында ведомство басшысы газ, электр және жылумен жабдықтау, жаңартылатын энергия көздері, мұнай саласына қатысты азаматтардың өтініштерін қарады.
Энергетика министрі көтерілген мәселелерге қатысты түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге әрі қарай жұмыстар жүргізуді тапсырды.