
Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары Ғабит Сыздықбеков «Риддер ЖЭО» АҚ қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.
Алдағы 2023-2024 жыл жылыту маусымына дайындықты бақылау барысында энергетикалық жабдықтың ағымдағы жай-күйімен, жөндеу науқанының өтуімен танысты.
ЖЭО басшылығымен жылыту маусымына дайындықтың өзекті мәселелері, оның ішінде жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу тәуекелдері талқыланды.
Қазандықтарды жөндеу жұмыстары бойынша жеделдету қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ, багерлік сорғыны жөндеуді, күл үйіндісі бөгетін және отын беру трактісін салу жұмыстарында жеделдету қажет.
Қазіргі уақытта ЖЭО-да 11 мердігер ұйым жұмыс істейді, оның ішінде «Перспективные технологии» ЖШС, «ДМ Энерджи» ЖШС, «Димстрой» ЖШС, «ТехноКомфорт» ЖШС, «Терезе» ЖШС, «Взрывпром» ЖШС және жалпы саны 310 адамнан тұратын бірқатар басқа ұйымдар.