Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті аукцион өтеді

Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті аукцион өтеді

2023 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционды өткізуге берілген өтініштер негізінде аукцион өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы хабарлама орналастырылды

http://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/500663?lang=kk

 

Өтініштерді қарау  нәтижелері бойынша аукционға 11 жер қойнауы учаскелері шығарылды.

Аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілетін мерзім аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап екі айды құрайды.

Хабарламада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 95-бабының 2-тармағында көзделген ақпарат қамтылады.

 

Осыған байланысты, Жер қойнауы құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ электрондық аукциондар операторының сайтында бере алады (сілтеме: www.e-kazyna.kz).  

Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің шарттары мен тәртібі Кодексінің 93-99-баптарында және Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында (ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі  № 269 бұйрығы) көзделген.

 

2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукциондарға қатысуға ниет білдірген әлеуетті шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының 10 шетелдік мекемесінде (Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Санкт-Петербург, Сеул, Стамбул, Прага, Франкфурт-на-Майне) жеке тұлға ретінде «бір өтініш» қағидаты бойынша ЖСН мен ЭЦҚ ала алады.

Шетелдік мекемелердің мекенжайлары мен телефондары ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында «Қазақстанның шетелдік мекемелері» деген бөлігінде қолжетімді.

Қазақстан Республикасының аталған шетелдік мекемелерінің бірінде «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген қызметті алу үшін:

- паспортты (түпнұсқа, жеке басын сәйкестендіру үшін);

- паспорттың электрондық көшірмесін (pdf форматында);

- ТАӘ-нің кириллицаға, қажет болған жағдайда латын әліпбиіне нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесін (pdf форматында);

- USB-flash жинақтағышын (ЭЦҚ кілтін сақтау үшін) ұсыну қажет (консулға).

Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні, тегін.

 

Осылайша, осы баспасөз хабарламасы Энергетика министрлігі өткізетін жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын хабардар ету мақсатында жарияланады.

Барлық мәселелер бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 78-68-95, 78-69-48.