ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ болып өзгертілді

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ болып өзгертілді

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ болып өзгертілді.

 

Ахуалдық орталықты құру Үкіметке елдің отын-энергетикалық кешені бойынша жедел, құрылымдық ақпаратты уақтылы ұсыну, сондай-ақ түрлі сценарийлерге тиімді мониторинг жүргізу, болжау, модельдеу үшін озық IT-технологияларды енгізу есебінен маңызды шешімдер қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

 

Ахуалдық орталықтың негізгі міндеттері:

- ҚР отын-энергетикалық кешен салаларындағы деректерді жинау;

- Мемлекеттік органдарды көмірсутек шикізаты мен мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу бойынша, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде күнделікті және жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;

- ҚР отын-энергетика кешенінің диспетчерлік қызметінің функцияларын жүйелі мониторингілеу және жүзеге асыру;

- ҚР отын-энергетикалық кешеніне қатысты талдамалық есептілікті болжау, модельдеу және ұсыну;

- Мұнай өндіру мен айналымының бірыңғай мәліметтер базасын жүргізу.