Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын ағымдағы бөлшек сауда бағасынан 14,8%-ға арзан сатып алатын болады

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын ағымдағы бөлшек сауда бағасынан 14,8%-ға арзан сатып алатын болады

ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде 2023 жылғы күзгі жиын-терін жұмыстарын (КЖТЖ) жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) 426 мың тонна дизель отынын бөлді.

 

ҚР Энергетика министрлігі ұсынған АШТӨ бағасы 284 мың теңге/тонна, мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) қақпасындағы баға 1 литр үшін 239 теңге.

 

АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлардың жеткізу өңіріне және шығыстарына байланысты фермер үшін орташа баға 1 литр үшін шамамен 257 теңгені құрайды.

 

Қазіргі уақытта жанар-жағармай құю станцияларындағы дизель отынының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 295 теңгені құрайды. АШТӨ үшін бөлшек сауда құны (295 тг./литр) мен КЖТЖ-ға арналған дизель отынының бағасы (шамамен 257 тг./ литр) арасындағы айырмашылық – 14,8 % (шамамен 38 тг. жеңілдік). Күзгі кезеңде АШТӨ үшін дизель отынының бағасында көрсетілген жеңілдік көктемгі кезеңмен салыстырғанда жоғары екенін атап өтеміз. 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстары кезінде дизель отынына жеңілдік 13,9 % (шамамен 26 тг. жеңілдік) құрады.

 

Қазақстанда күзгі жиын-терін жұмыстары шілде айынан қараша айын қоса алғанда жүргізіледі. Шілде айына МӨЗ-ден АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлар 2023 жылғы КЖТЖ-ға бөлінген көлемнің тек 4,5 мың тоннасын немесе 1%-ын (426 мың тонна) тиеп-жөнелтті.

 

МӨЗ-ге жеткізілімдердің атаулылығын бақылау үшін дизель отыны бояулады, атап айтқанда: АМӨЗ – сары, ПМХЗ – қызыл, ШНӨЗ – көк, сондай-ақ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ПИН-кодтар меншіктейді.

 

Мұнай өнімдерін ауыл шаруашылығы жұмыстарына бөлудің заңнамалық процесі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 13.04.2023 жылғы № 137 бұйрығы және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту шеңберінде жүзеге асырылады (ҚР АШМ-нің жоғарыда көрсетілген бұйрығымен бекітілген) http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032300.

 

Ережеге сәйкес өңірлік операторларды айқындау бойынша жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторларды айқындайды. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болатын, кемінде жеті адамнан құралады.

 

Комиссия құрамына әкімдіктердің, прокуратура органдарының (келісім бойынша), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

 

ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлу және АШТӨ дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындау процесіне қатыспайды.

 

Кесте.  Шілде айында өңірлер бойынша дизель отынын жөнелту

(25 шілдедегі деректер)

 

 

№

Өңір

Тиеп-жөнелту,, тыс. тонн

жоспар

факт

%

1

Абай

3,1

0

0

2

Ақмола

22,6

0

0

3

Ақтөбе

3

2,9

97

4

Алматы

1,6

0

0

5

Атырау

0

0

0

6

ШҚО

1,5

0

0

7

Жамбыл

5,1

0,8

15,7

8

Жетісу

1,7

0

0

9

БҚО

5

0

0

10

Қарағанды

15

0

0

11

Қостанай

30

0

0

12

Қызылорда

4,2

0,8

19

13

Маңғыстау

0

0

0

14

Павлодар

3

0

0

15

СҚО

2

0

0

16

Түркістан

7,3

0

0

17

Ұлытау

0,1

0

0

18

Шымкент қ.

0

0

0

 

барлығы

106

4,5

4,2 %