ҚР Энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Қарағанды және Ұлытау облыстарына келді

ҚР Энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Қарағанды және Ұлытау облыстарына келді

2023 жылғы 18-19 шілдеде ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов екі күндік жұмыс сапарымен Қарағанды және Ұлытау облыстарына барады.

 

Жұмыс сапары шеңберінде Әлібек Жамауов Қарағанды-АГТС, Қарағанды қ. №1 ГТП, Жезқазған қ. №1 ГТП өндірістік объектілерінің жұмысымен танысады.

Анықтама:

АГТС – автоматтандырылған газ тарату станциясы;

ГТП – газ тарату пункті.

 

Сондай-ақ вице-министрдің өңір тұрғындарымен және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады.