Жылыту мауысымына дайындық барысы

Жылыту мауысымына дайындық барысы

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің баяндауынша⤵️

 

⚙️Ағымдағы жылы электр станцияларында 10 энергоблокты, 49 қазандықты және 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.

 

✔️Қазіргі уақытта 3 энергоблокта, 19 қазандықта және 8 турбинада жұмыстар жүргізілуде. 3 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

❗️Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде алдағы жылыту кезеңінде қауіпті аймаққа енгізілген энергетикалық кәсіпорындарға ерекше назар аударылады.

 

📍Атап айтқанда, Риддер ЖЭО-ның барлық 6 қазандығын жөндеуді бастау үшін қажетті шаралар қабылданды. Аталған жұмыс Екібастұз, Жезқазған, Кентау және т. б. ЖЭО бойынша жүргізілуде.

 

Дерек көзі: 🌐 https://t.me/KZgovernment