Мәжіліс сұйытылған газ айналымын реттеу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады

Мәжіліс сұйытылған газ айналымын реттеу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева заң сұйытылған мұнай газы сияқты тапшы тауарды бөлу мен пайдаланудың барынша ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті.  Бұған бірқатар норма бағытталған, оның ішінде бөлшек саудадағы бағаны реттеуді Бәсекелестікті қорғау агенттігінен Энергетика министрлігіне беру, сұйытылған газды таратудың ашық жүйесін құру және т.б.

 

Мәжілісмендердің айтуынша, тұрғын үй саласына да бірқатар өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, тауарлық газды тұрмыстық және өндірістік нысандарға қосудың техникалық шарттарының әрекет ету мерзімін шектеу. Сондай-ақ тұрғын үй ғимараттарын басқарудың жекелеген нысандарын жою туралы ереже алынып тасталды, оларға қойылатын талаптар басқа заң жобасы аясында әзірленетін болады.

 

Бұдан бөлек Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету туралы келісімді де ратификациялады. Құжат күшіне енгеннен кейін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу жеңілдетіліп, мерзімі айтарлықтай қысқартылатын болады.

 

Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:

 - төрт ілеспе жобамен заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы. Олардың қатарында «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға, Салық және Әкімшілік кодекстерге, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

 - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төленетін төлемдер мәселелері бойынша.

 

Отырыс соңында мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдарын жолдады. Олармен @mazhilis_kz Telegram арнамыздан таныса аласыздар.

 

Дерек көзі: https://t.me/mazhilis_kz/1552