ҚР Энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

ҚР Энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

2023 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына келді.

Жұмыс сапары шеңберінде Асхат Хасенов Рожковское және Жайықмұнай кен орындарындағы өндірістік объектілерінің жұмысымен танысады.

Сондай-ақ вице-министрдің өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңірлік коммуникациялар алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады.