
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге арналған сұйытылған газының бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет министрлігімен бірлесіп, автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын сатуға уақытша мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Егер бұрын автогаз құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газына бағаны нарық реттейтін болса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін Энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, барлық 2165 автогаз құю станцияларындағы ең төменгі және ең жоғары бағаларды талдап, мемлекет реттейтін шекті бағаларды белгіледі. Әр өңірдегі баға логистикалық шығындарға, зауыттардың географиялық жақындығына, автогаз станцияларының санына, тұтынушыларға және т.б. байланысты. Тұтастай алғанда, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының орташа бағасы 8%-ға төмендейтін болады.
Бұдан басқа, өзге де шаралар қолданылды, мысалы АМӨЗ сақтау паркінен сұйытылған мұнай газының өткізу бағасы тоннасына 62 мыңнан 56 мың теңгеге дейін төмендеді.
Осы бұйрықты іске асыру Төтенше жағдай кезінде автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газының бағасын мемлекеттік реттеуді енгізу жолымен тұрақтандыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынындағы шығын бөлігін төмендетеді.
Бірлескен бұйрық 2020 жылдың 1 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.
Қазіргі уақытта бірлескен бұйрық бекітілді және Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді.