
Бұл туралы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте ҚР ЭМ вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады.
Ә. Мағауовтың айтуынша, қазіргі уақытта министрлік орталық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, қауымдастықтар және ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қолдау және жұмыс орындарын сақтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Үкімет делегациясының мұнай өңірлеріне жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар келесі міндеттер белгіленді, олармен бірінші кезекте жұмыс жасалуы қажет:
- қолжетімді несие ресурстары;
-жер қойнауын пайдаланушылар үшін (ПҚӨС) салық преференцияларынан босаған қаражаттың бір бөлігін мұнай сервис қызметтеріне бағыттауды;
- мұнай сервистік қызметтер бойынша қолданыстағы және жаңа мердігерлік шарттардың құнын оңтайландыруға/қайта қарауға жол бермеу;
- Қазақстанда жобалар құрылысы бойынша жұмыстардың басталуын жеделдету (30 000 жұмыс орнын құру);
- мұнай өндіруші компанияларды қолдау шаралары арқылы жұмыс бағдарламаларының орындалуын ынталандыру.
Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттерден шетелдік қызметкерлердің елге кіруіне қойылған шектеулерге байланысты жоғары білікті мамандарды ауыстыру, жергілікті еңбек нарығында іздеу жалғасатын болады.
Ә. Мағауовтың айтуынша, мысалы, қазіргі уақытта «КРІ» ЖШС жобасында барлығы 397 ҚХР азаматтары жұмыс атқаруда. Енгізілген шектеулерге байланысты Қазақстанға 161 ҚХР азаматы кіргізілмеді.
ҚР Энергетика министрлігі Премьер министрдің тапсырмасын орындау үшін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Атырау облысының әкімдігімен, ҚМГ және KPI бірлесіп, азаматтарды жергілікті персоналмен ауыстыру бойынша шараларды әзірлеуде.
Бүгінгі күні жергілікті кадрларды қабылдау бойынша арнайы комиссия құрылған. Сұхбаттасу мен тәжірибелік емтихандардың қорытындысы бойынша құрылыс алаңында жалпы құрылыс жұмыстарына 50 адам ұсынылып, 45 адам жұмысқа қабылданды.
- бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады, - деп атап өтті Ә. Мағауов.
Сондай-ақ, вице-министр COVID-19 коронавирус инфекциясын алдын алу жөніндегі шараларға тоқталып өтті.
- Әрбір жоба бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасында және компаниялардың ішкі ережелерінде көзделген ауруды алдын алу шаралары қабылдануда, - деді Ә. Мағауов.
- Мұнай өндіруші компаниялар қызметкерлерінің коронавирус ауруымен ауырды деген расталған жағдайлары жоқ. Барлық операторлар профилактикалық және алдын алу шараларын жүргізу қажеттігі туралы ескертілді және оларды толық көлемде орындауда.
Мысалы, COVID-19 тәуекелдеріне жедел әрекет ету шараларын жоспарлау және іске асыру мақсатында ТШО дағдарыс жағдайларды басқару (ДЖБТ) тобын және авариялық жағдайларды басқару (АЖБТ) жөнінде үш топты қалыптастырды.
Күн сайын ДЖБТ кеңестері өткізіледі. Оның құрамына өндіру үздіксіздігін, медициналық және техникалық әрекет етуді, сондай-ақ коммуникацияны жоспарлау бойынша бейіндік топтар кіреді.